Ақмола облысының Атбасар ауданында екі адам иіс тиіп ажал құшты, деп хабарлайды Skifnews.kz аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне cілтеме жасап.
ТЖД мәліметі бойынша қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Атбасар ауданының Ащыкөл ауылында орын алған. 1934 және 1970 жылғы екі ер адам иіс тиіп ажал құшқан.