$ 443.85  474.3  4.8

ВВС Қазақстан тарихы туралы деректi фильм түсіреді

Қазақстан тарихы туралы деректi фильмдердi түсiруге BBC, Discovery мен History телеарналарын тарту көзделуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiне сілтеме жасап.

Ұлттық фильмдердiң «Мәңгiлiк Ел» арнайы бағдарламасы аясында шығарылатын деректi киноленталарды түсiруге танымал ғылыми-танымдық және тарихи телеарналарды тарту жоспарлануда.

«Discovery, BBC, National Geographic сынды әлемге танымал брендтер – бiрнеше ондаған жылдар бойы ғылыми-танымдық және тарихи форматтардағы тележобаларды түсiретiн тәуелсiз телекомпаниялар. Өкiнiшке орай, Қазақстанда мұндай компаниялар әзiрге жоқ. Бiрақ бiз «Мәңгілік Ел» арнайы бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға BBC, History, Discovery, Euronews, Arte, RAI және басқа да шетел телекомпанияларын тартуды көздеп отырмыз», – делiнген министрлiктiң «ҚазАқпарат» ХАА ресми сауалына берген жауабында. 

Мәдениет және спорт министрлiгiнiң хабарлауынша, «Қазақфильм» киностудиясы жыл сайын 20-25 деректi фильм түсiредi. Олардың тақырыптық аясы да кең: Мемлекет басшысының қызметi мен оның қазiргi Қазақстанның дамуына қосқан үлесi, мәдениет, ғылым және спорт қайраткерлерiнiң өмiрi мен еңбегi, қазақтардың мәдени мұрасы, сонымен бiрге Қазақстан тарихының жекелеген кезеңдерi туралы түсiрiледi.

Ұлттық фильмдердiң «Мәңгiлiк Ел» арнайы бағдарламасы Мемлекет басшысының «Қазақстандық жол-2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты халыққа Жолдауында берiлген тапсырмасын орындау мақсатында жасақталды. Оның басты мақсаты қазақ мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуын көрсететiн тарихи-патриоттық фильмдердi шығару. 

Арнайы бағдарламаның жобалары Қазақстан және әлем кинематографистерiнiң көмегiмен алдағы үш жыл бойы – 2015-2017 жылдар аралығында түсiрiледi.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары