$ 449.58  486.94  4.86

Қырғызстанның вице-премьері жол апатынан қайтыс болды

Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары Темір Жұмақадыров жан түршігерлік жол апатынан қайтыс болды деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері.

Kaktus.media порталының хабарлауынша, жол апаты бүгін таңертең сағат 07:30 шамасында Бішкек - Чалдовар тас жолының 30-шақырымында орын алған. Полицейлердің мәліметінше, вице-премьер мінген көлік КамАЗ жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысыпты. Салдарынан үш адам қайтыс болды: вице-премьер Темір Жұмақадыр, оның жүргізушісі және көмекшісі Нұрлан Жамгырчиев.

Жүк көлігінің жүргізушісі болса дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Үкіметтегілердің айтуынша, премьер-министрдің орынбасары Таластағы сайлау учаскелерін тексеру үшін жолға шыққан екен. Алдын ала болжам бойынша, КамАЗ жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, шенеунік отырған көлікпен соқтығысқан.

Жұмақадыровтың артында әйелі мен төрт баласы қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары