$ 448.15  483.46  4.86

«СК-Фармация» компаниясының басшысы Максим Касаткин ұсталды

Биыл ақпан айында Мемлекет басшысының қатаң сыынна ұшыраған «СК-Фармация» компаниясының басшысы Максим Касаткин ұсталды деп жазады «Казахстанская правда» басылымы.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының ұсталғаны туралы ақпаратты компанияның баспасөз қызметіндегілер растады. Бұл қызметте М.Касаткин бір жыл да отырған жоқ. Ол ақпан айында Елбасының қатаң сынынан кейін Нұржан Әлібаевтың орнына келген болатын.

Әзірге Максим Касаткин қызметінен алынған жоқ және оның қандай қылмыс үшін күдікті ретінде ұсталғаны да белгісіз. Ол басқаратын «СК-Фармация» компаниясы Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып әкелумен айналысатын жалғыз компания.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жыл басында өткізген жиындардың бірінде «СК-Фармация» компаниясы шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуіне кедергі келтіріп жатыр деп сынаған болатын. Артынша Елбасы аталған компания басшыларының барлығын жұмыстан қууды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары