$ 447.4  477.55  4.76

Мәскеуде өзбек шаштаразына көңілі толмаған клиент оны жұрттың көзінше өлтірді (ВИДЕО)

Мәскеуде жергілікті тұрғын өзбек шаштаразын көшенің ортасында жұрттың көзінше өлтіріп тастады. Күдікті марқұмның жүрегіне кәуәпқа арналған темір сымды үш рет тығып алған. Алған жарақаты салдарынан өзбек жұмысшысы оқиға орнында қаза тапты деп жазады "Московский комсомолец" газеті.

Басылымның хабарлауынша, оқиға 13 қазан күні кешкі сағат 17:30 шамасында Первомайский елдімекенінде орын алған. Полицейлер күдіктіні сол күні-ақ ұстапты. Ол Киров облысының 26 жастағы тұрғыны Павел Лузянин екен. Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны және біреудің көлігін айдап кеткені үшін сотты болған. Қазір ол уақытша тергеу абақтысында, өзіне тағылған айыпты толықтай мойындаған.

Тергеу барысында белгілі болғаны, қылмыс болардан бір күні бұрын күдікті өзбек шаштаразына келіп, 200 рубльге шашын қысқартқан екен. Алайда, шаш үлгісі оған ұнамай, ертесіне қайта келіп түзеп беруін талап еткен. Бірақ, бұл жолы да клиенттің көңілі толмай, ол шаштаразды сыртқа алып шығып, жұрттың көзінше өлтіріп тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары