Жаңалықтар 24.10.2017 сағат 03:50

Қостанай облысында баспалдақтан құлады делінген сәбидің терезеден ауып кеткені белгілі болды

Қостанай облысындағы қонақ үйлердің бірінде баспалдақтан құлап кетіп, шетінеді деген 1 жасар сәбидің 5-қабаттың терезесінен ауып кеткені белгілі болды. Ашық бас сүйек жарақатымен ауруханаға жеткізілген бүлдіршін көп ұзамай көз жұмған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қайғылы оқиға 21 қазанда болған. Әуелі сәби баспалдақ арасына құлап кетті деп хабарланған еді, бірақ бүгін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Екатерина Слободенюк сәбидің терезеден құлап түскенін айтты деп жазады sputniknews.kz. 

"Бала бесінші қабаттан құлап кетті, – деді ол. – Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Сәби құлаған уақытта ата-анасы қайда болғаны белгісіз. Ашық бас сүйегі жарақатымен ауруханаға жеткізілген бала сол жерде шетінеп кетті". 

Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар