$ 449.58  486.94  4.86

Ақтауда жүкті әйел спирттік ішімдік ішіп, өз қарнын тіліп жіберген

Ақтауда жүкті әйел өзінің ішін пышақпен тіліп жіберген. Бұл туралы Lada.kz порталы хабарлады.

Облыстық аурухананың жалпы және видеоэндоскопиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Мұқантаевтың айтуынша, 26 жастағы әйел жүктіліктің 17-18 аптасында екен. Қарнын кескен әйел асқазанның алдыңғы бөлігін жарақаттаған. 

"Әйелдің ішінің алдыңғы бөлігіне пышақ кіріп кеткен. Қазір жарақатын тіктік. Жағдайы орташа ауыр. Жалпы бөлімшеде жатыр. Ауруханаға түскен кезде алкогольдің иісі шығып тұрған. Қазір өздігімен демалып жатыр", - деді ол. 

Жараланған әйел Ақтау қаласының 3-ші шағынауданында тұрады екен. Оның құрсағындағы сәбиіге төніп тұрған қауіп жайында дәрігерлер айтқан жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары