Жаңалықтар 26.10.2017 сағат 10:47

Тәжікстанда қызметке жаңа тағайындалған маман небәрі жарты сағаттан кейін жұмыстан қайта шығарылған

Рустам Солиев Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін, ол аудандық халық білімі бөлімінің меңгерушісі қызметінде небәрі жарты сағат қана болды. Восей ауданының басшысы Мусо Гафурзода білім және ғылыми министрлігі шешімінің күшін Рустам Солиев қызметке кіріскенен кейін жарты сағаттан соң жойып жіберген деп жазады Азаттық тілшілері.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мұндай шешімге наразы болып, аудан басшысымен сөзге келіп қалған Солиев жүрек талмасымен ауруханаға түсті.

Рустам Солиев отыз жылдан астам уақыт білім беру саласында қызмет еткен - мұғалім, мектеп директоры, облыстық білімді бақылау қызметінің аудандық бөлім басшысы болған. "Жетеді. Мен енді білім саласында жұмыс істемеймін" деді Солиев.

Аудан басшысы Мусо Гафурзода өз шешіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. "Бізде ештеңе болған жоқ, бәрі жақсы", - деді ол. Аудан басшысы бұл қызметке басқа бір адамды тағайындап қойғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар