$ 444.22  476.38  4.82

ОҚО-да 26 жастағы жігіт таудан құлап мерт болды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында тауға демалуға шығып, құздан құлаған Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының 26 жастағы тұрғынның өлі денесі полицейлерге тапсырылды деп хабарлады Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Арман Әсібеков.

Оның айтуынша, 20 қазан күні Теке қамал тау шатқалына демалуға шыққан үш тұрғынның бірі жалғыз қалып, тауды айналып өтетінін айтқан. Марқұмды бес тәулік бойы 300-ге жуық адам іздеген. 25 қазан күні түсте жергілікті тұрғын белгісіз адамның өлі денесін көргенін айтқан. Құтқарушылар тұрғынның айтқан жеріне барғанымен марқұмның денесін бірден алып түсе алмаған. Марқұмның денесі екі құздың ортасында тұрып қалған.

"Марқұмның денесін бүгін түсте таудан алып түсіп, полицейлерге тапсырды. Сараптама қорытындысы бұл іздеудегі демалушының денесі екенін растады" дейді Арман Әсібеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары