$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда ірі жол көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды

Алматыда бір адамның өмірін жалмаған жол көлік оқиғасы орын алды деп хабарлады СТВ телеарнасы. Екі жеңіл көлік Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысында соқтығысқан.

Toyota Camry автокөлігі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Емцов көшесіне бұрылмақ болған сәтте оның бүйірінен BMW автокөлігі келіп соқты. Соққының қатты болғанынан Toyota жолдың жиегіне шығып кеткен. Оқиға салдарынан Toyota-ның бір жолаушысы ауруханаға барар жолда көз жұмды. Екіншісі ауруханада ем қабылдауда. Тағы бір жолаушы мен көліктің жүргізушісіне оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.

Ал, BMW автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Полицейлер қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары