$ 442.05  474.14  4.74

Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың ұлы бар екені анықталды

Өзбекстанның қайтыс болған экс-президенті Ислам Каримовтың өмірбаянында тек екі қыздың әкесі деп жазылып келген болатын. Оның енді ұлы бар екені де анықталып отыр деп жазады Азаттық тілшілері.

«Оны қуанышқа бөлеген үш ұлы алты немересі болды. Оның әйелі – Татьяна Акбарқызы өмірінің барлық қиын сәттерін бірге бөліскен адал досы, көмекшісі, ниеттесі бола білді. Ол Ислам Әбдуғаниұлымен 47 жыл тату-тәтті өмір сүрді».

Бұл - ақпарат таяуда ғана Ислам Каримов атындағы ғылыми-ағартушылық кешені сайтында жарық көрген Өзбекстанның тұңғыш президентінің өмірбаяны.

Осыған дейін ресми сайт-дереккөзде Ислам Каримовтің үшінші ұлы жайында ешқандай ақпарат таратылмаған. Мысалы Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында Ислам Каримовтің өмірбаяны жөнінде былай деп жазылған:

«Үйленген, екі қызы және төрт немересі бар. Әйелі Т. А. Каримова білімі бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, Ғалымдар академиясының Экономика институтында ғылыми қызметкер болып істеген. Қазір зейнетте».

Kun.uz интернет-басылымы Ислам Каримовтің үшінші ұлы туралы былай деген: «Википедия мәліметі бойынша, Ислам Каримов бірінші рет өткен ғасырдың 60-жылдарында үйленген. Наталья Кучмамен некеде бір ұл дүниеге келген. Ислам Каримовтің ұлы – Каримов Петр Исламұлы 1969 жылы туған. Ислам Каримовтің бірінші әйелі Наталья Кучма 2008 жылы Ташкентте дүниеден озды. Қазір Петр Каримов Мәскеу облысында тұрады».

Кейін Ислам Каримов Татьяна Каримоваға үйленген. Бұл некеден оның екі қызы бар – Гүлнәр Каримова (1972 жылы туған) және Лола Каримова (1978 жылы туған).

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Петр Каримов Өзбекстан Ұлттық банкінің еншілесі «Азия-Инвест Банктің» басқарма төрағасының орынбасары болған. Оның штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары