$ 494.87  520.65  4.91

Президенттікке үміткерлер қатарында шетел азаматы да бар

ҚР Президенттігіне үміткер ретінде Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген Уәлихан Қайсаровты сайлау комиссиясы үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен бүгін Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Үміткерлердің өз қолдарымен толтырған мәліметтерін Орталық сайлау комиссиясы мұқият тексеруде. Мысалы, өз кандидатурасын ұсынған Уәлихан Қайсаров Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіру туралы өтінішінде басқа мемлекеттің азаматтығында тұрғанын өз қолымен көрсеткен. Осы мәселе бойынша біз ҚР ІІМ-ге аталған деректерді тескеру үшін сұрау жібердік. Сондай-ақ, осы үміткердің мемлекеттік тілде толтырған өмірбаяндық деректерінде бірнеше қателер бар екені анықталды», − деді Л.Сүлеймен.

Айта кетейік, Уәлихан Әбішұлы ҚР Президентін сайлау науқанында осымен үшінші рет қатарынан өзін өзі үміткер ретінде ұсынды. Дегенмен, үшеуінде де оның өтінімі қабылданған жоқ. Алдымен 2005 жылы өткен саяси науқан кезінде Қайсаров тиісті мөлшерде қолдаушыларының қолын жинай алмай жарты жолдан сүрінсе, 2011 жылғы сайлауда қазақ тілінен болған емтиханды ойдағыдай тапсыра алған жоқ. Ол жазған диктанттан 28 қате табылған болатын. Ал, бүгін белгілі болғандай, Уәлихан Қайсаров – өзге мемлекеттің азаматы. Оның Сайлау туралы Конституциялық заңды біле тұра неліктен кандидаттыққа құжат тапсырғаны белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары