$ 494.87  520.65  4.91

«Нұр Отан» партиясының XVI съезі басталды

Астанада Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының XVI кезекті съезі басталды.

Съезге қатысу үшін Астанаға 2 мыңға жуық адам келді. Олардың арасында партияның аймақтық конференцияларында сайланған 1200-ден астам делегат бар. Тұңғыш рет съезд делегаттарының 20 пайыздан астамы партияның бастауыш ұйымдарының жетекшілері болып отыр.

«Нұр Отан» партиясы XVI  съезінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты партия атынан кезектен тыс президент сайлауына кезекті рет кандидат етіп ұсынуды сұрады. Астанада өтіп жатқан съезге қатысушылар, оның ішінде академик Кенжеғали Сағадиев, биыл кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынған Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Александр Башмаков президенттікке елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуға үндеді.

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары