Бразилияда полицейлер есірткі саудасымен айналысты деген күдіктілерді атып тастады. Осы сәтте бразилиялық қаскөйлер Facebook желісі арқылы тікелей трансляцияға шыққан.
Видеода жап-жас жігіттердің бірі тұраққа қойылған көліктің ішінде әзілдесіп, күлісіп отырған өз серіктестерін видеоға түсіріп отырған. Бір сәтте атылған оқтың дауысы шығады және түсірілім жасалынып жатқан құрылғы жерге құлайды.
Оқиға Рио-де-Жанейрода есіркіге қарсы күрес операциясы кезінде болған. Көлікте отырған күдіктілерді полицейлік тікұшақтан атқан, автомобильде отырған үш адам қаза тапты, ал біреуі жарақаттанған.
Дереккөз: tengrinews.kz