Қазақстан кәсіподақтар ұйымы алда өтетін ҚР Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын айтты. Бұл жайында бүгін Астанада өтіп жатқан Федерацияың атқарушы комитетінің кезекті отырысында мәлімдеді.
Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы – еліміздің саяси-әлеуметтік қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты түзеп және оны жүзеге асырып отырған үлкен қоғамдық күш. Ол жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауда жоспарлы түрде жұмыстар атқарып келеді. Федерация Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының мүшесі ретінде елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді.
Аталған жиын барысында атқарушы комитет мүшелері алда өтетін сайлауда бірауыздан Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізіп, Елбасының кәсіподақтар қозғалысының қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосқандығын атап өтті. «Мемлекет басшысының әрбір Жолдауы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған. Жұмыссыздардың санын қысқартып, халықтың әлеуетін арттыру басты мақсаты» дейді олар.
Skifnews ақпарат