$ 498.34  519.72  4.85

Абылай ханға қатысты тағы бір тарихи құжат табылды

Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өткелі жатқанда Абылай ханға қатысты тағы бір тарихи дерек табылды. 1774 жылдары Әбілпейіс сұлтанның Чиң патшалығына жазған хатында Ұлы жүздің бір руын жаулап алған оңтүстіктегі қырғыздарды Абылай хан орталықтан арнайы барып талқандағаны туралы деректер айтылады.

Жапонияның Киото Университетінде Орталық Азия тарихын танып, соның ішінде Қазақ Хандығына қатысты құжаттар мен тарихын зерттейтін,  осы күні Бейжіңдегі Ұлттар Университетінде шағатай тілінен арнайы дәріс беретін Дүйсенәлі Әбділәшімұлы: «Бұл жалпы, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл дүние мәдениетіне де үлкен үлес болып қалуы мүмкін. Оның ішінде әрине ҚХР-да да қызығушылық танытады, өйткені көрші елдерміз. Әр елдің мәдениеті бір-бірімен тығыз байланыста болады  бұл жақтар әрине екі жаққа да пайдалы. Болашақта екі елдің осы саладағы зерттеушілері өзара пікір алмастырып бұл саланы бұдан ары дамытуға мүмкіндік әкеледі деп  ойлаймын», - дейді. Ғалым бұған дейін Қытайдағы мұрағатқа кірген жалғыз қазақ Еркін Ауғалимен бірлесіп бірнеше ғылыми еңбектер жазған. Абылай ханның тотмұңғыл тілінде түсірілген хатын аударған. Бүгінде ол Қазақ хандығы кезінде Чиң патшалығына жазылған хаттарды зерттейді.

Осы тарихи деректер туралы ғалым Дүйсенәлі тағыда: «Шоқанның ертеректе жазған мақалалары бар, соның ішінде осы бір деректерге қатысты, яғни қазақтар мен қырғыздардың арасындағы шабуылға байланысты. Қырғыздарға Абылай хан бастап,  Әбілпейіс қостап 20 мың әскермен қайтарма шабуыл жасайды. Осы тарихи оқиғаны дәлме дәл осы хаттан алуға болады. Орта Азия тарихында аса маңызды дерек көзі деп айтуға болады», - дейді.

 

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары