$ 445.66  474.58  4.78

Бүгін күн тұтылады

Бүгін мамандар елімізде күн тұтылады деп хабарлайды.

Бұл құбылысты, әсіресе, Қазақстанның солтүстігінде тұратын адамдар анық тамашалай алады. Мамандардың айтуынша, Қостанайда күн тұтылу 15.40 басталып 17.42 аяқталады. Ал, алматылықтар болса, аталған құбылысты мүлде көрмеуі де мүмкін. Себебі, Алматы қаласындағылар күннің не бары 8 пайызға жуық бөлігі жабылғанын көре алады. Солтүстік Қазақстанда күн тұтылу кезінде жарық азайып, жер бетін қараңғылық қаптай түседі. Күн шуақты болмаса да, құбылысты байқауға болады. Қарағандылықтар 30% жабылған күнді көре алады. Қостанайда 39% болғанымен, күннің жабылуы жартысына жетпейді. Астанада шамамен 30%-ға жабылады. Күннің тұтылуы Қостанай, Петропавловск, Павлодар, Қарағандыда айқындау көрінеді. Мамандардың кеңесі бойынша күнге міндетті түрде қорғайтын қара әйнек арқылы қарау керек.

Дереккөзі muslim.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары