$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда алғашқы Стартап-тур басталды

2015 жылдың 19 наурызында Алматыда Қазақстанның әр түкпірінен 500-ден аса іскер жастар мен ғалымдардың басын қосқан Стартап-тур болды.

Стартап-турды  ҚР Инвестиция және жоспарлау министрі Ә. Исекешов салтанатты түрде ашты. Ә. Исекешов: «Қазақстандық стартапшылар үшін бизнесті дамыту жолында бүгінгі жиынның тигізер пайдасы зор. «Сколково» қоры Алматыда  Стартап-тур өткізудіқолға алды.  Маусым айынының 2- 3 күндері Сколковода  Startup Village- да бас қосамыз.  Осы жылы біз  Кремний аймағында  бірнеше стартап өткізуді жоспарлап отырмыз. Басты мақсатымыз – Орталық Азиядағы Инновациялық бағыттардың көшбасшысы болу. Еліміз бұл инновациялық бизнестің дамуына өз қолдауын көрсетіп келеді, алдағы уақытта да көрсете бермек. Осы мақсатта бүгінгі жиыннан  Алматыда қуатты бизнестің іргетасын қалайтын мықты стартапшылар қалыптасады деген үміттемін».

Василий Белов, «Сколково»қорыныңинновациялар жөніндегі аға Вице-президенті : «Біз үшін осындай қонақжайлылықты сезініп, осы жиынға қатысу үлкен мәртебе. «Сколково» қоры қазақстандық әріптестеріміз үшін көмек қолын созудан ешқашан аянған емес. Бүгінгі стартапқа қатысушылардың барлығын Шығыс Еуропадағы ең үлкен масштабпен өтетін МәскеудегіStartUp Village конференциясына шақырамыз. Онда  400 ден аса шет елдік еншілес қор өкілдері келеді деп күтілуде. Бұл дегеніміз көптеген саяси факторларға қарамастан алға ұмтылуды көрсетеді.»

А.Б. Қожахметов, Almaty Management University ректоры: «Іскерлік және инновациялық даму бұл шектеусіз құрылым, сондықтан біз  Сколковоның ұсынысын қуана қабылдадық. Almaty Management University үшін  Сколково –тәжірибенің басты қайнар көзі . Стартап-тур идеяларына  алғысымыз шексіз.  Біз бүгінгі өтіп жатқан  жиынның Қазақстан мен Ресей арасындағы инновациялық дамуды одан ары дамытатынына сенеміз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!

Жиынның бірінші күнінде Almaty Tech Garden бас директоры С.Кеттебеков «Қазақстан Республикасындағы технологиялық кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары»  тақырыбында мастер класс өткізіп,  бәсекелестікке қабілеттілік туралы сұрақтарға жауап берді.

С.Кеттебеков: «Инновациялық жүйелер  ғаламдық  жүйе,  біздің «Сколковоға» баратын стартапшыларымыз,  алдымен Еурокеңес нарығы мен ортақ нарықта қалай жұмыс істеу керегін үйренуі керек. Бүгінгі таңда,  бұл әлемдік мәселе болып саналады. Нарық жүйесі ашылып, жақсы жұмыс істеуде. Бірақ, бұл бізге бәсекелес белорустық  компанияның әлемдік деңгейде бәсекелес болып қалады дегенді білдірмейді  

Білім беру шеңбері аясындағы «Сколково» мамандары «Лучшие практики России и Казахстана по привлечению студентов и молодых ученых к технологическому предпринимательству и коммерциализации результатов научно-исследовательской деятельности» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.

Екатерина Морозова, Сколково Университетінің атқарушы директоры  (ОтУС): « Біздің бүгінгі серіктестеріміз Microsoft, Cisco, SAP, Роснано және т.б. Біз бұл салада олармен теңдесе аламыз. Бұл бағдарлама аясында осы жылы біз Мәскеу медициналық университетімен әріптестік байланыс орнаттық. Келесі бағдарлама 500-ден аса студент оқып үйренген  Pharma school деп аталады.  Осы жылы бұл бағдарламаны студенттер мен қатар магистрант,  аспиранттар, сондай-ақ  жас ғалымдар да оқуда.  Сондай тағы бір бағыт – хакатонды тексеру. Бүгінгі БОтУС және  ИТ-класердің  жиынының «Сколково» - «Робоночь»  деп аталатын бағдарламасының да  үлесі зор».

Сондай-ақ ауқымды шара аясында технологиялық жоспарлауды дамытудың жолдары жайлы тәжірибелі эксперттермен  де  басқосу болды. Онда жас кәсіпкерлердің технологияларды қалай іске асыру және қаржыландыру, оны іске асыру жолдары жайлы сөз болды

Алматыдағы Стартап турдың екінші күні конкурстық шараларға арналады. Яғни әр топ, қатысушылар мен сарапшылар өздерінің жаңа идеялары мен инновациялық дамудың жоспарларын  таныстырып, оған сай жеңімпаздар анықталып, орындар тағайындалатын болады.

Сандуғаш БАЙМАХАНҚЫЗЫ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары