$ 521.9  593.5  6.39

Қанат Ислам кәсіби рингте 19-ші жеңісіне жетті

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 19-шы жеңісіне қол жеткізді.

Өткен түні Қанат Ислам Колумбия боксшысы Орландо Де Хесус Эстрадамен жекпе-жек өткізіп, WBA Fedelatin титулын қорғап қалды.

Жекпе-жек Колумбияның Баранкилья қаласында өтті. Кездесудің алғашы минуттарында Қанат шабуылға кірісті, оның қарсыласы да бірнеше соққы жасай білді. Екінші раундта Қанат белден төмен соққы жасап қойып, бір ұпайдан айырылды. Ал үшінші раундта Қанат Ислам қарсыласын екі рет тізерлетті - екі жағдайда да Орландо Де Хесус Эстрада нокдаунға түсті.

Төртінші раундтың басында Қанат Ислам колумбиялық боксшыны сол қолмен ұрып құлатты. Осылайша, Қанат Ислам 19-шы жеңісіне қол жеткізді.

Сонымен қатар кештің басқа жекпе-жегінде 24 жастағы Жанқош Тұраров Колумбия боксшысы Дунис Линанды уақытынан бұрын жеңді. Кездесу жетінші раундта тоқтатылды.

 

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары