23 наурыз күні Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналып Астанадан «Менің Қазақстаным» пойызы сапарға шыққан болатын.
Акцияны ұйымдастырушылар республика жұртшылығының арасында Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған басты міндеттер мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық стратегиясының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстарымен айналысады. «Менің Қазақстаным» пойызы 30 күн ішінде Қазақстанның 29 елді мекеніне тоқтап, 22 сәуір күні Астанаға оралады. Акция барысында жергілікті тұрғындарға қаржылық және әлеуметтік, денсаулық кеңестері беріліп, спорттық-мәдени шаралар өткізу жоспарланған.
Бүгін сол пойыз Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласына келді. Пойызды қала халқы салтанатпен қарсы алып, аудан əкімі Серік Салтықов пойыз жолаушыларына ізгі тілектерін жеткізді. Осыдан кейін жергілікті тұрғындарға заңдық және әлеуметтік кеңестер беріліп, дəрігерлер науқастарды қабылдады. Сондай-ақ аудан орталығындағы «Надежда» интернат-үйінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, аудан əкімі бірқатар соғыс жəне тыл ардагерлеріне «Ұлы Жеңіске 70 жыл» медалін табыс етті. Сонымен қатар, осы күннің қорытындысы ретінде Тайынша қаласының мəдениет үйінде Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мәдени шаралар өткізіледі деп күтілуде.
Skifnews ақпарат