$ 446.49  475.38  4.79

Президент сайлауға кандидат тіркеу аяқталды

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) кеше кешке мерзімінен бұрын президент сайлауына кандидаттар тіркеу аяқталғаны туралы хабарлады.

Президентікке кандидат болып ресми түрде қазіргі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынушы Әбілғазы Құсайынов тіркелді.

Орталық сайлау комиссиясы үміткер ретінде Лимана Қойшиеваны, Қанат Тұрагелдиевті, Жарылқап Қалыбайды және Хасен Қожа-Ахметті тіркеуге арналған барлық қажетті құжатты өткізбегені үшін тіркеуге қабылдаудан бас тарту туралы шешім шығарды. Осыған дейін өзін-өзі ұсынған осы азаматтар қазақ тілінен емтиханды сәтті тапсырған болатын.

Президенттікке кандидат болып ресми тіркелгендер бүгіннен бастап сайлауалды науқанын бастайды. ОСК кандидаттың сайлау науқанына бюджет есебінен жұмсайтын қаржы мөлшерін белгіледі.

Skifnews ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары