$ 448.89  477.93  4.76

ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары өз жұмысын бастады

Бүгіннен бастап ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстандағы Президенттік сайлауды бақылау жұмыстарын бастады.

Бүгін шетелдік байқаушылар тобы алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. 12 сарапшы саяси науқанның Елордада жүргізілуін қадағалайды. Наурыз айының 31-інен бастап, 30 ұзақмерзімдік байқаушы еліміздің барлық аймақтарында іске кіріседі. Олар үгіт-насихат жұмыстары, сайлау комиссиялары мен басқа да мемлекеттік құрылымдар қызметінің барысын бақылайды. Мемлекеттік органдар саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, сондай-ақ, Президенттікке кандидаттармен кездесулер өткізеді. Сайлау күні қарсаңында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің бірқатарынан  400 қысқамерзімдік байқаушы келеді деп күтілуде. 

 

Дереккөзі khabar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары