$ 480.55  533.75  5.36

«Дениз» телехикаясындағы Мелих пен Бану ата-ана атанды

«Дениз» телехикаясындағы қос ғашық Дениз бен Бану ата-ана атынды.

Актер өзінің Instagram парақшасында суретімен бөлісіп, халықтан сүйінші сұрады. 

«Бүгін біз үш адам болдық. Арамызға қош келдің, қызым!», – деп жазба қалдырған Жантуг.

Бірнеше жыл бойы Ұлттық арнадан көрсетілген «Дениз» түрік телехикаясы талай көрерменнің жүрегінен орын алып, неше сериалы болса да үзбей көретін жанкүйерлері үшін сүйінші хабар.

Қазақстандық көрермендерге осы сериал арқылы танылған телехикая актерлерінің шын есімдері – Бегюм Топчу мен Жантуг Турай .

Дениз телехикаясындағы басты рөлдегі қос ғашық Мелих пен Бануды сомдаған актерлер шын өмірде де жұп атанып, 2014 жылы шаңырақ құрған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары