$ 498.34  519.72  4.85

Мәскеуде жігітен алданған өзбек қызы өзін өртеп жіберді

Өзбекстан тұрғыны ғашығының басқа қызға үйленіп кеткенін естіп, Мәскеуде өзін өрдеп жіберді. Денесінің 80 пайызын күйік шалған қызды жедел жәрдем аурухағана жеткізген деп жазды «Московский комсомолец» тілшілері.

Басылым мәліметі бойынша, 32 жастағы Дилфуза жігіті Сирожиддинмен Өзбекстанда танысқан. Алты жыл бұрын олар Мәскеуге жұмысқа келген екен. Ұрыстан соң әйел жеті жастағы баласымен еліне қайтқан. Төрт айдан соң жігіт көп балалы әйелге үйленген.

Соны естіген Дилфуза баласымен Мәскеуге келген, жігітін өзіне қайтаруға тырысқан. Баланың әкесі ұлын асырау үшін ақша жіберіп тұруға келіскен, бірақ Дилфуза қызғаныштан өзін өртеп жіберген.

Аулада жанып жатқан әйелді көрген Сирожиддин өртті өшіруге тырысқан. Көршілер "жедел жәрдем" шақыртып, дәрігерлер әйелді ауруханаға жеткізген. Жансақтау бөлімінде жатқан Дилфузаның жағдайы мүшкіл екені хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары