$ 494.87  520.65  4.91

Раушан ағылшындардан асып түсті

Лондонның батысында орналасқан Whitehall  мектебінде оқитын қазақстандық Раушан Қазыбек лондондық оқушылардың арасында өткен  «Ертегі» атты байқауда «ең үздік шығарма» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Жыл сайын өтетін байқауға жіберілген Астананың тумасы шығармасын еркін тақырыпта жазған. Раушанның ата-анасы 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға келген. Осы жылы Раушан да бірінші сыныпқа барған. Кішкентай жазушының шығармасы The Lost Cone деп аталады, яғни – су періштесі туралы хикая. Анасы қызының шығармасы туралы: «бақытты болумен аяқталатын мейірімге толы ертегі»,–деп баға берді. Сондай-ақ, Раушанның ертегісі биылғы жылдың мамыр айында ағылшын астанасында жарыққа шығатын жеке жинаққа да енбек. Алайда бұл Раушанның алғашқы жетістігі емес, талантты астаналық қыз Ұлыбританиядағы алғашқы күннен бастап барлық экзамендер мен сынақтар бойынша жоғары балл алып келе жатқан озат оқушы. Жазудан басқа, ол сурет салумен және дизайнерлік өнермен де айналысады. Бос уақытында кішкентай інісінің сауатын ашуға да көңіл бөлетіні бар. «Қазақстан туралы не ойлайсың?» деген сұраққа ол, өз Отанын сүйетінін және тезірек елге оралғысы келетінін айтты. Қазақстанға қатысты барлық нәрсені, әсіресе ұлттық киімді жақсы көретінін жасырмайды. Жазғы каникул кезінде киіз үйдің макетін өз қолымен жасап шығыпты.

Мадина Алиакбарова

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары