$ 448.15  483.46  4.86

Шымкенттен шыққан автобус Алматы түбінде апатқа ұшырап, 2 адам қайтыс болды

Алматы облысында 4 желтоқсанда жолаушы автобусы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, кем дегенде 10 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді Алматы облысының ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты дүйсенбі таңертең Ұзынағаш кентіне жақын қалааралық жолда болған.

«Жол көлік оқиғасы бүгін таңғы 8 уақытында "Алматы-Бішкек" тас жолының 62 шақырымында болды. Келіп түскен ақпарат бойынша оқиға орнында екі адам қайтыс болды. Ұзынағаш ауруханасына түрлі жарақат алған 10 адам жеткізілді. Олардың арасында кәмілет жасқа толмаған балалар да бар. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр», - деген пікір берді Алматы облыстық ІІД.

Полиция Шымкенттен Алматыға келе жатқан автобус жанына аударылып кеткенін айтады. Апатқа ұшыраған сәтте автобуста 43 адам болған.

Жол апаты бойынша жол ережесін немесе көлік құралын жүргізу ережелерін бұзу бабымен тергеу басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары