$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде 100-ге жуық адам заңсыз қару қолданған

Облыс бойынша 8 мыңнан астам тұрғынның қарулары тексерілді. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәлімдейді.

«8 мыңнан астам тұрғынның 99-ы жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығы қаруды талапқа сай сақтамаған. Сондай-ақ, қаруды тіркеу ережесін бұзған 23 адам жауапкершілікке тартылды»,  – дейді Ақтөбе облыстық ІІБ баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, бұрын жоғалған екі қару табылды. 50 қару тәркіленді. Сақтау ережелері түзелмейінше, бұл қарулар ішкі істер органдарында жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары