Диета адамның генетикасына байланысты оң не теріс нәтижеге ие болады. Осыған байланысты Texas A&M университетінің ғалымдарының арнайы зерттеу жүргізген деп жазады РИА Новости.
Ғалымдардың бұл зерттеуі Genetics журналында жарияланған. Университет мұғалімдерінің ізденісіне диеталардың пайда болуы мен салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың саны көбеюі себеп болған. Соған қарамастан бүгінде семіздікке шалдыққан америкалықтардың саны азаймай отыр.
Мамандардың айтуынша, әрбір организм диетаны өзінше бөлек қабылдайды. Оның оң немесе теріс әсер етуі генетикалық ерекшелігіне сай болады екен.
Ғалымдардың сөзіне сенсек, бүкіл адамзаттың ағзасына бірдей әсер ететін әмбебап диета әлі шыққан жоқ. Мамандар енді адамның ДНҚ-дағы мәліметтеріне сүйене отырып, әр адамға жеке диета құрастыра алатындай генетикалық тест жасап көруді жоспарлап отыр.