$ 494.87  520.65  4.91

Жас отбасылар да сайлауға белсенді түрде қатыспақ

 Ақтау қаласы жастарының ұйымдастыруыменен «Ақбота» саябағында «Моя семья голосует ЗА!» атты жас отбасылар фестивалі өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

 Фестивальға Ақтау қаласының тұрғындары, студенттер мен өнерпаздар, жас отбасылар келіп, түрлі ойын-сауықтық конкурстарға қатысты.  Олар алдағы келе жатқан сайлауға белсенді түрде қатысатындарын айтты.                                    

 «Менің отбасым үшін сайлауға бару өте маңызды. Осы мемлекеттің азаматы болғандықтан, елдің болашағы үшін өз үлесімді қосуым керек. Себебі мен мемлекеттік грантта оқыдым. Содан кейін жұмысқа тұрып,  мұнай-газ саласында еңбек етудемін. Үйлендім, екі кішкентайым өсіп келе жатыр. Осының бәрі мемлекетіміздің жастарға деген саясатының жемісі.  Сондықтан осы тұрақтылық үшін отбасыммен 26 сәуірдегі өтертін  сайлауға міндетті түрде барамын!» − дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ң жас мамандар кеңесінің мүшесі Ходжаев Қайрат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары