$ 498.34  519.72  4.85

Америкалық әйел тойда әдемі көріну үшін 8 келі терісін кестіріп тастады (ВИДЕО)

41 жастағы Ольга Хернандез арықтау үшін фастфудтан бас тартыпты. Соның арқасында ол бұрынғы салмағының жартысын тастап үлгерген. Асқазанын хирургиялық жолмен кішірейте бастағанда ол 171 келі тартқан екен. Енді араға 4 жыл салып салмағы 86 келіге бір-ақ түскен. 

Эрнандес 17 жасында алғаш құрсақ көтергенде едәуір салмақ жинап алғанын мойындап отыр. Ол бала кезіндегі бақытсыз сәттерден күйзеліске жиі түсіп, өзін алдандыру үшін тамақ жей беруді әдетке айналдырыпты. 

Бірден салмақ тастағаннан кейін де Ольга үлкен проблемаға тап болған. Арықтағаннан кейін оның терісі созылып, жиналып қалыпты. Өзінің үйлену тойында қалыңдық көйлегіне сыю үшін Ольга Эрнандес ота жасатуға бел байлаған. Ота сәтті өтіп, дәрігерлер оның денесіндегі 6 келі артық теріні кесіп алып тастады. 

«Үйлену тойларындағы фотосуреттерімде өте ұсынсыз болатын шығармын деп ойладым. Өйткені, қолымды көйлекке сыйдыру үшін киімнің екі есе өлшемін алуыма тура келетін еді», – деп түсіндірді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары