$ 498.34  519.72  4.85

Ташкенттегі «Шаршара» шұжық цехында есек етінен өнім дайындаған

Өзбекстанның бас прокуратурасы Ташкенттегі «Шаршара» шұжық цехына 70 келі есек еті әкелінгенін ресми нақтылады. Ақпаратқа сәйкес, цех қызметкерлері есек етін өзге еттермен араластырған деп жазады centralasian.org.

Есек етін Хорезм облысынан Gold Premium Product компаниясы жеткізген.

Ташкент тұрғыны Ш.Ш.Раджабовтың арызынан кейін, арнайы тексерілу жұмыстары басталған. Шағым беруші цех есек етін бір келісі үшін 13 мың сумға (1,5 доллар) сатып алып отырғанын айтады.

Тексеру кезінде цехтан 275 келі ет тәркіленген. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары