$ 443.85  474.3  4.8

Маңғыстау облысында көлік өртеніп, жүргізушісі тірідей жанып кетті

Маңғыстау облысында ірі жол көлік оқиғасы тіркелді. Екі көліктің соқтығысуынан олардың бірі өртке оранып, ішіндегі жүргізушісі тірідей жаны кеткен деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Маңғыстаулық полицейлер осы сұмдық жол апатына қатысты тергеу амалдарын бастады.

Өліммен аяқталған апат 6 желтоқсанда кешкі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, Ақтау-Жаңаөзен трассасындағы жанармай бекетінен шыққан жеңіл көлік жолдың қарсы бағытымен жүріпті. Сөйтіп, алдынан жүк көлігі шыға келіп, екеуі соқтығысқан. Қатты соққыдан от тұтанып, Renault көлігінің жүргізушісі іштен шыға алмай қалыпты. Ақыры түгі қалмай өртеніп кетті. Машиналар да күлге айналды. Құдай сақтап, жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі дін аман. Ол дәрігерлердің көмегін де қажетсінбеді. Қазір жантүршігерлік оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтауда. Олар сот-медициналық сараптамасын тағайындаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары