Еліміздегі ең танымал сүрбойдақтардың бірі – Тәуекел Мүсілімге қырғызстандық әріптесі бетіне тәтті жағып, ерекше тосынсый жасады. Бұл туралы отандық шоу-бизнес өкілі Тәуекелдің өзі Instagram парақшасына жазды.
Қырғызстандық актер Азамат сағат тура 12-де Тәуекелді іздеп барып, 29 жасқа толған меншікті мерекесімен құттықтады.
“Сіз сияқты адамды жолықтырған мен бақыттымын. Сіз менің ең жақсы көретін ағамсыз. Сізге махаббат, бақыт, табыс тілеймін. Сіз сияқты аға бұл өмірде жоқ. Жақсы көремін, құрметтеймін. Туған күніңізбен”, – дейді Азамат Ұланов.
Осы сөздерден кейін бала актер өнердегі ағасын есіктен шыға салысымен бетіне арнайы әзірлеген тәттісін жағып кеп жіберді.
Видеоқұттықтау соңында Тәуекел де бұл тосынсыйдың ерекше ұнағанын атап өтті.
Еске сала кетейік, Тәуекел мен Азамат Қырғызстанда түсірілген “Анамды іздеймін” атты кинокартина түсірілімінде танысқан. Екеуі осы туындыда ағалы-інілі, әр айырылмас достар рөлін сомадайды. Содан бері олар өмірде де хат алысып, хабарласып тұрады.