Қазақстанда АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы қайта арзандай бастады. Royal Petrol және Sinooil компанияларының ресми сайттарында көрсетілгендей, алғашқысында АИ-92 157 теңгеден, кейінгісінде 158 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Нelios пен ҚазМұнайГаз компанияларында баға өзгеріссіз, олардың алғашқысы АИ-92 маркалы бензинді 162 теңгеден, екіншісі 161 теңгеден сатуда. Газпромнефть бекеттерінде сұранысқа ие осынау жанармай түрі 1 литрі үшін 164 теңгеден жіберіліп жатыр.
Еске салайық, биыл Қазақстан аумағында жанармай бағасы күрт қымбаттап, жүргізушілер тарапынан наразылық туындаған болатын. "ҚанМұнайГаз" компаниясы мен Энергетика министрлігі әдеттегідей қымбатшылықтың себебін жанармай тапшылығымен түсіндірді.