$ 442.05  474.14  4.74

Мысықты кіржуғыш машинаға салып жуған ер адам сотталып жатыр

Танысының мысығын кіржуғыш машинаға салған ер адам сотталып жатыр деп жазады Интерфакс.

Осы жылдың қазан айында танысына ренжіп қалған ресейлік азамат мас күйінде оның рыжик есімді мысығын кіржуғыш машинаның барабанына салады. Бірінші жуылғаннан үй жәндігі дін аман шығады. Бірақ ол мысықты өлтіру мақсатында машинаға қайта салады. Сосын ер адам жәндіктің өліп жатқанын толық видеоға түсіріп, танысына жібереді.

Жауапкер қазір Ресейдің Ухта қаласында сотталып жатыр.

 «Ухта прокуратурасы 37 жастағы жергілікті тұрғынды кінәлі деп таныды. Алдын ала тергеу органы оған жануарларға қатыгездік көрсетіп, оның өліміне себепші болды және бұзақылық жасады деген айып тақты. Жауапқа тартылған азамат кінәсін мойындады. Бірақ жасаған әрекетінің себебін түсіндіре алмады»,  – делінген өңірлік прокуратура хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары