Ләйлә Сұлтанқызы өзін телевизия саласындағы ең қымбат журналист екенін айтты деп жазады comode.kz.
Сұлтанқызы өзіне табыс көзінің екі жерден түсетінін айтты. Оның бірі – телеарна болса, екіншісі әлеуметтік желі екен.
«Екеуін де бөліп қарағым келмейді. Телевизия саласындағы ең қымбат журналист екенімді жасырмаймын. Гонорарым өте жоғары. Ал, қазір бір емес бірнеше жобаларда қызмет етудемін. Яғни, алатын төлемақым да жұмысыма сай көп әрі жеткілікті. Ал, инстаграм арқылы бір айда миллион табуым мүмкін. Ал, келесі айда небәрі 100 000 теңге пайда көруім мүмкін. Сондықтан, нақты мынадан көп пайда көремін деп шорт кесіп айта алмаймын», – деп сұхбат берді Сұлтанқызы.