Жаңалықтар 25.12.2017 сағат 04:29

Қарағандыда адам толы автобус аударылды

Қарағанды-Абай тас жолында адам толы автобуыс аударылып қалды. Зардап шеккендер жоқ, деп мәлімдеді Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров. 

"Апат кезінде автобуста 43 адам болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", — деді Құдияров. 

Қарағандыдан шыққан автобус көктайғақ салдарынан аударылып қалуы мүмкін.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан


Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар