$ 448.56  478.03  4.79

15 жастағы қыз жыныстық қатынастан соң қайтыс болды

15 жастағы қыз жыныстық қатынастан соң қайтыс болды деп жазады Lenta.ru. 

Жасөспірім қыз 19 жастағы жігітпен гараждағы көлік ішінде жыныстық қатысқа түскен. Оқиға Ресейдің Пенза облысында, жексенбіге қараған түні болған. Гараж қақпасы жабық тұрған. Жігіт жылы болсын деп көлікті оталдырып қойған.

"Біраз уақыттан кейін қыз бен жігіт әлсірей бастайды. Күдікті көлік қозғалтқышын сөндіріп, шығуға тырысқан. Өзінің айтуы бойынша, есінен танып қалған екен. Есін жиған соң ғана гараждан шыққан", – дейді полицейлер. 

Күдіктінің туыстары жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін қыз бала көз жұмған. Ал 19 жастағы жігітке қатысты Ресейдің Қылмыстық кодексіндегі "Абайсызда адам өлтіру" және "Он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары