$ 498.34  519.72  4.85

Синоптиктер жаңа жылда болатын ауа райын болжады

"Қазгидромет" РМК ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Жаңа жылда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болады. 

"Қазақстанның барлық облысында бұл күні ауа райы жауын-шашынсыз болады. Батыста ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 20 градус, солтүстікте 20-25, кейбір аудандарда 28 градус, шығыс аймақтарда 20-25, кей жерлерде 30 градус, ал оңтүстік аймақтарда 5-10, кейбір аудандарда 15-20 градус аяз болады", — деді Қалменова.

Қазгидромет өкілі барлық өңірде таңертең және түнде тұман түсетінін айтты.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары