$ 446.49  475.38  4.79

Астанада Mersedes көлігінің түгі қалмай өртеніп кетті

Астананың Asia Park сауда ойын-сауық орталығы жанында Mercedes-Benz көлігі жанып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің  ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Астана қаласы ТЖД-ға 4 қаңтар күні сағат 23:22 Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда ойын сауық орталығының жанында Mercedes-Benz E 320 маркалы көліктің жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сағат 23:31-де сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», – деді Руслан Иманқұлов.

Көлік өртін сөндіруге елорданың ТЖ қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары