Жаңалықтар 05.01.2018 сағат 04:28

Түркіменстанда кішкентай балаларды балабақшаға баруға мәжбүрлеп жатыр

Түркіменстанда мектепке баратын балаларды тіркеу барысында балабақшаға барғаны жөнінде анықтама сұрайды деп жазады Азаттық тілшілері. "Түркіменстан хроникасы" тәуелсіз басылымының жазуынша, мұндай талапты елдің білім министрлігі өткен жылдың аяғында қойған.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Егер бала балабақшаға бармаса, мектепке барар кезде қиындық туады деп хабарлайды басылым. Бірақ мұндай талапты әзірге мемлекеттік БАҚ жарияламай отыр.

"Түркіменстан хроникасы" басылымының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта баланы мектепке орналастыру үшін тұрғылықты жерінің анықтамасы, туу туралы куәлігі, медициналық анықтама, ата-анасының жұмыс істейтін жерінен анықтама, сонымен бірге үш әулетіне дейін мағлұмат қажет екен.

Өткен жылдың аяғында Түркіменстанда балабақша құны он есеге өсті. Осыдан кейін балабақшаға баратын балалар саны бірнеше есеге қысқарған.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар