$ 444.22  476.38  4.82

Өзбекстанда СЭС қызметкерлері кімнің үйінде қанша тезек бар екенін есептеп жүр

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Шурчин ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығының дәрігерлері мен медбикелеріне басшылары шаруалар мен жергілік тұрғындардың үйлерінде тезек қоры қанша екенін есептеуді тапсырған. Бұл туралы Өзбекстандағы Азаттық қызметінің тілшілері хабарлады.

Қызметкерлер еңбек келісімінде қарастырылмаған жұмысты жасауға міндеттейтініне шағымданып отыр.

"Жақында мен екі әріптесіммен бірге жалғайдағы қышлақтардың бірінде 20 тонна тезек барын санадық. Біз мұндай жұмысты кімнің ойлап шығарғанын түсіне алар емеспіз", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, СЭС қызметкерлері шалғайдағы қышлақтарға өз есебімен баруға мәжбүр.

"Онда автобус жүрмейді. Таксимен баруға тура келді. Біздің Орталықта шамамен 70 адам жұмыс істейді. Барлық жұмысты тастап, тезек санап жүрміз. Мұндай жағдай өткен жылы да болған", - деді қызметкерлердің бірі.

Өткен жылы ақпанда Орталықтың бас дәрігерінің орынбасары болып істеген Мусурмон Эшкобилов бұл ақпаратты растаған еді.

"Тезек есептеу және жинау - республикалық, үкіметтік маңызы бар мәселе. Сол арқылы біз шаруаларға тезек қорын құруға көмектесеміз", - деген шенеунік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары