АҚШ-та оқушыларымен көңіл жарастырып, жыныстық қатынасқа түскен Николь Дюфо есімді педагог сотталып жатыр. Ата-аналар одан 1 миллион доллар көлемінде өтемақы талап етуде деп жазады Daily Mail.
Тергеу барысында белгілі болғаны, 38 жастағы әйел 2013-2014 жылдар аралығында алты бірдей оқушыны азғырып, олармен төсектес болған. Балалардың бәрі 14-15 жас аралығында.
Мұғалімнің үстінен 4 баланың ата-анасы арыз түсіріп, ол үш бап бойынша айыпталып жатыр. Екі ата-ана педагогтан 1 миллион доллар өндіріп алмақшы. Сондай-ақ, адвокатқа кеткен шығынды да төлесін деп отыр.
Тергеушілер Дюфоның бар кінәсі дәлелденгенін алға тартуда. Айтуларынша, балаларға жазған СМС-хаттары да сақталған. Сондай-ақ, жәбірленген оқушылардың сөздері де бір жерден шығып отыр екен.
Дюфоның қорғаушысы мүлдем өзге деректерді мәлімдеді. Айтуынша, мұғалімді балалардың өздері жыныстық қатынасқа итермелепті. Педагогтың миы шайқалып, денсаулығында ақауы бар дейді ол. Балалар соны пайдаланған көрінеді. Ал, жәбірленді деп отқан 6 бала да тәртібі қиын оқушылар қатарында. Сондықтан адвокат соттан Николь Дюфоны ақтауын сұрап отыр.