$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда ірі жол көлік апаты болды

Алматыда Шығыс айналма жолында ірі көлік апаты болды.

Audi көлігі айналма жолмен солтүстік бағытта жолдың ортасында келе жатады. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Toyota Camry 20 оң жақ шеткі жолақта жылдамдықты асырып келе жатыпты. Audi көлігін озған Camry жүргізушісі кенет солға қарай ығысқан.

Рөлге ие болмаған Camry жүргізушісі айналма жолда солтүстік бағытта кетіп бара жатқан Hyundai Tucson көлігін бар жылдамдықпен қағады. Қатты соқыдан екі көлік шыр көбелек айналып, Audi көлігін соғып кетеді. Онымен қоймай Toyota Camry 10 көлігімен де соқтығысады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары