$ 498.34  519.72  4.85

Орыс солдаты тамақ ысытамын деп 28 млн рубль тұратын танкті өртеп жіберді (ВИДЕО)

Ресейде қатардағы жауынгер консервдегі тамақты ысытамын деп, байқаусызда БТР-82 техникасын және өзнің әскери құрал-сайманын өртеп жіберді. Танктің құны 28 миллион рубль деп жазады Lenta.ru.

Астрахань әскери горнизондық соты Семен Мережниковты кінәлі деп тауып, оны 6 айлық тәртіптік жазаға кесті. Айыбын ол өзі борышын өтеген әскери горнизонда қоғамдық жұмыс істеумен өтейді.

Айта кетейік, бұл оқиға 2017 жылдың мамырында болған екен. Алайда, айыптының кім екені көпшілікке енді белгілі болып отыр. Жас сарбаз танктің жанында отырып от жағып, тамағын жылытпақ болған. Бірақ, лаулап жанған от БТР-дің бетін жапқан шүберекке тиіп, жалын темір техниканы шарпыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары