"Хан Шатыр" сауда орталығының сыртқы қабаты боран салдарынан зиян шекті, деп хабарлайды Астана Төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Сағат 15.20 кезінде қоңырау түсіп, Хан Шатыр сауда орталығына белгісіз заттар ұшып тиюіне байланысты, шатырдың сыртқы қабатында 1,5-2 шаршы метрдей көлемдегі төрт тесік пайда болғаны хабарланды. Ғимаратқа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ және қазіргі уақытта көмек те керек емес", — деп мәлімет берді ведомство.