$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда жауыздықпен кісі өлтірген күдікті қолға түсті

Қарағандыда 25 жастағы бойжеткенді айуандықпен өлтірді деген күдікпен жас жігіт қолға түсті деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолға түскен күдікті - Осакаровка ауданының 20 жастағы тұрғыны. Ол өзінің аса ауыр қылмыс жасағанын мойындап отыр. Ол мұндай әрекетке екеуара болған ұрыстан кейін барғандығын айтты. Ұрыстың соңы төбелеске ұласып, жас жігіт қызды өлтіріп қойған. Ал, қылмысын жасыру мақсатында марқұмның денесін бөлшектеп, чемоданға салып тығып тастаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, 9 мамыр күні Қарағандыдағы мектептердің бірінің маңынан тұрғындар күдік туғызған чемодан тауып алған болатын. Оның ішін ашып көргенде бөлшектелген қыздың мәйіті табылды. Қайтыс болған қыз 25 жастағы Аяулы Сүлейменова еді. 6 мамыр күні ол жоғалып кеткен соң туған-туыстары әлеуметтік желілер арқылы, кейін полиция арқылы қыздарына іздеу салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары