$ 444.22  476.38  4.82

Швеция зообағы арыстанның 9 аланын асырай алмағандықтан өлтіріп тастаған

Швеция зообағының қызметкерлері арыстанның сап-сау 9 аланын өлтіріп тастады. Айтуларынша, жыртқыштарды асырауға ақша болмаған. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады.

Гетеборг қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Boras Djurpark зообағы директорының айтуынша, олар арыстан аландарын бір күнде қырып салмаған, 2012 жылдан бері туғанын туғандай дәрімен өлтіре беріпті. Ешқайсысының денсаулығында ақау болмаған, бәрі сап-сау. Жыртқыштарды елдегі зообақтардың ешбірі алмайтынын айтқандықтан, осындай қадамға бардық дейді ол.

«Біз оларды ұзақ уақыт бойы сатып жіберуге тырыстық, бірақ өкінішке қарай, алушылар мүлдем болмады. Өзімізде ұстай берейін десек, біріншіден - ақша жоқ, екіншіден - олар өзге арыстандармен төбелесіп, өмірлеріне қауіп төнді», — дейді зообақ директоры.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда хайуанаттар бағында туған 13 аланның тек екеуі ғана тірі қалыпты. Екеуі аурудан өлсе, өзгелерін өлтіруге тура келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары