$ 494.87  520.65  4.91

Владимир Путин Ленинді әулиеге теңеді

Ресей президенті Владимир Путин коммунизмді — христиандыққа, Ленинді — әулиеге теңеді деп жазады РИА Новости.

«Бәлкім менің қазіргі айтар сөзім біраз адамға ұнамауы мүмкін, бірақ мен өз ойымды бәрібір жеткізейін. Біріншіден, дін бізбен бірге әлімсақтан келе жатыр, әсіресе қиын-қыстау заманда дін халықпен бірге болды. Сондай-ақ, дінге қарсы күрестердің де күшті болғанын білеміз, әулиелерді өлтіріп, шіркеулерімізді қиратты. Бірақ, олар (коммунистер) өзге дін ойлап тапты десем артық айта қоймаспын. Коммунистік идеология христиандыққа өте жақын. Шындығында, коммунистер ұрандатқан теңдік, еркіндік, бауырмалдық, әділеттік — барлығы да христиандықта бар. Ал, коммунизмді құрушылардың кодексін білесіздер ме? Оның құрамы да Библиядан алынған, олар жаңа ешнәрсе ойлап таппаған. Яғни, коммунизм мен христиан дінінің ортақ тұстары өте көп», — деді Владимир Путин «Валаам» фильмі үшін берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ, коммунистердің Ленинге деген көзқарасы христиандардың әулиелерге деген көзқарасымен бірдей екенін айтты.

«Міне қараңыздар, Ленинді мавзолейге жатқызды. Христиандарда әулиелерді де дәл солай жерлейді ғой?! Қандай айырмашылығы бар? Дінде адам жерлену керек деп жатады. Ендеше, Афонды көріңіздер, тіпті мына Мәскеудің өзінде мавзолейде жерленбей табытта жатқан әулиелер аз емес», — деді Путин сұхбат барысында.

Оның айтуынша, коммунистер ешқандай жаңалық ойлап таппаған, кодекстерінің бәрін діни кітаптардан көшіріп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары