$ 494.87  520.65  4.91

Ақтау-Тараз ұшағында болған дәрігер жолаушыны өлімнен құтқарып қалды

Маңғыстаулық дәрігер Нәдірқожа Мұсаев Ақтаудан Таразға ұшқан әйелдің өмірін сақтап қалды деп жазады sputniknews.kz.

Дәрігердің айтуынша, ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін әйелдің жағдайы нашарлап, артериялық қысымы қатты төмендеп кеткен. 

"Әйелдің қан қысымы 60/0-ге дейін түсті. Бортта алғашқы реанимациялық көмек көрсетуге арналған қажетті заттардың бәрі бар екен. Маған Таразға ұшып бара жатқан медбике көмектесті. Қан қысымын дәрі-дәрмектің көмегімен 120/80-ге дейін көтердік. Реанимациялық көмек шамамен бір жарым сағатқа созылды", — дейді дәрігер. 

Оның айтуынша, әйел Таразға жеткенге дейін есін жиған, оны әуежайда ардиобригада күтіп алыпты.  

Әйел кардиореанимацияда емделіп шықты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары